jasqazaq.kz

Көкшетауға гашиш апара жатқан адам ұсталды

06 ақпан 2024, 9:06

Polisia.kz хабарлағандай, тыйым салынған заттардың ірі партиясын тасымалдаған күдікті «Астана-Петропавл» тас жолында ұсталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Mercedes-Benz маркалы автокөлікті тоқтатып, Көкшетауға есірткі заттарын өткізуге бара жатқан күдіктіні кісендеді. Тінту кезінде жедел уәкілдер 45 жастағы жолаушыдан тыйым салынған заттар тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша салмағы 905 грамм гашиш есірткісі екені дәлелденді. Күдікті есірткіні елордада сатып алған және Ақмола өңірінің аумағында таратуды жоспарлаған. Есірткі сатушы «ескі әдіспен» әрекет еткен, яғни өзінің тұрақты клиенттеріне сатқан. Полиция қылмыстық іс шеңберінде барлық мән-жайды нақтылауға кірісті. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі