jasqazaq.kz

Көкшетауда түрмеде отырған адамға тұрғын үй берілген

05 желтоқсан 2023, 13:16

Ақмола облысының прокуратурасы жергілікті әкімдіктердің қызметінде тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізді.
Қадағалаушы органның мәліметінше, облыс бойынша тұрғын үйді алуға кезекте 23 мыңнан астам адам тұр. Бұл ретте әкімдіктер соңғы үш жылда 900-ге жуық пәтер бөлді. Тексеріс барысында тұрғын үйді заңсыз берудің, сондай-ақ тұрғын үй беру негіздері жойылғаннан кейін адамдарды шығармаудың 23 фактісі анықталды.
«Көкшетау қаласында тұрғын үйді бюджеттік ұйымның бұрынғы қызметкеріне берген, ол бұған дейін 2 жыл бұрын пара алғаны үшін сотталған және берілген кезде бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуде», – делінген хабарламада.
Тұрғын үйді заңсыз жекешелендірудің тағы екі фактісі анықталды.
«Аудан орталықтарының бірінде азамат жекешелендіруден жарты жыл бұрын басқа аймақта орналасқан басқа пәтерді сатты. Қадағалау актісі бойынша жекешелендірілген пәтер мемлекетке қайтарылды», — делінген Ақмола облысы прокуратурасының мәлімдемесінде.
Сондай-ақ коммуналдық тұрғын үйді заңсыз жалға беру, бюджетке 50 млн теңгеге жалдау төлемдерін төлемеу, табыстарын алдын ала тексермей, аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй беру фактілері анықталды.
Прокуратура заңсыз берілген пәтерлерді қайтаруға бағытталған шаралар қабылданғанын, олар тұрғын үйге нақты мұқтаж адамдар арасында қайта бөлінетінін атап өтті.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі