jasqazaq.kz

Көкшетауда “Арзан көлік сатамын” деп 7 адамды тақырға отырғызды (Видео)

18 сәуiр 2023, 23:13

Көкшетауда арзан көлік сатамын деп елді алдап келген 27 жастағы алаяқ ұсталды. Ол сайтқа жалған ақпарат беріп, клиенттерден алдын ала ақша алып, артынша ізін суытып отырған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Алайда күдіктіде жарнамадағы шетелдік көліктің тек суреті ғана бар. Осылайша ол кез келген автокөлікті сыртынан сатумен айналысқан. Сатып алушы табылғанда ақшаның бір бөлігін қалтасына басып, телефонын өшіріп зым-зия жоғалады екен. Қазірдің өзінде полицияға сан соғып қалған жеті адам арыз берген. Оның төртеуі Алматы мен Қарағанды қаласының тұрғындары. Ал көкшетаулық үш адам көлігін көріп, алдын ала ақшасын төлеп қойған. Алайда келісілген уақытта сатушыны таппай қалған соң, полицияға шағымданған. Қазір жалған жарнамаға алданған басқа да азаматтар анықталып жатыр.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облысы ПД баспаөз қызметінің жетекшісі:

— Жалған жарнаманың авторы ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды. Барлық фактіге қатысты алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған кезде одан әртүрлі абонементтің 60 симкартасы табылды. Ал телефонында шетелдік автокөліктер сатылады деген хабарландырулар сақталған.

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура