jasqazaq.kz

Энергетика министрі Көкшетауда студенттермен кездесті

13 қыркүйек 2024, 14:31

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев өңірде студент жастармен, «Көкшетау-Энерго» серіктестігінің ұжымымен кездесіп, бейбіт атом энергетикасын дамытудың келешегі мәселесін талқылады.

уіпсіздігі төңірегінде ой толғады. Министр елімізде электр энергиясын өндірудің негіз­гі үлесін, жалпы өнімнің 66 па­йызын қамтамасыз ететін көмір стансалары құрайтынын, жаңартылған энергия өндіру үлесі шамамен 6 пайыз екенін айтып өтті. Электр энергиясын пайдалану көлемі бір орында тұрмайтыны белгілі. 2035 жылға қарай тұтыну көлемі сағатына 152,4 млрд кВт құрауы мүмкін. Бұл ретте қазір жұмыс істеп тұр­ған энергия көздерін өндіру бір­қатар объективті себепке байланысты төмендейді. Осыған байланысты 2035 жылға қарай жалпы қуаты 26,5 ГВт болатын жаңа генерациялаушы қуаттарды іске қосу қажеттігі туындайды.

Қазір бүкіл әлем көміртегіне бет бұрып жатыр. Сондықтан халықаралық қаржы институттары көмір электр стансаларының құрылысына инвестиция салуға құштар емес. Қазақстан еліміздегі газ ресурстарының біршама шектеулі болуына байланысты газ генерациясын кеңінен енгізу­ді жүзеге асыра алмайды. Демек жаңартылған энергия көз­дері­нің жұмысын болжау қиын. АЭС құ­рылысы тоқтап тұрған қуат­тар­ды алмастырудың және энер­гети­калық тәуелсіздікті қамта­ма­сыз етудің бірден-бір дұрыс шешімі болмақ деген пікір айтылды.

Министр студенттерге ядро­лық реакторларды пайдаланудың әлемдік тәжірибесі, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи шаралары туралы кеңінен таратып айтып берді. Ашық пікір алмасуға жастар белсенді араласып, атом энергетикасының болашағы, оның экологиялық қауіпсіздігі және экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі рөлі тура­лы сұрақтар қойып, тұщым­ды жауап алды. Маңызды мәселе­лер талқыланған жүздесу бары­сында ел ертеңіне сеніммен қарай­тын жастар еліміздегі атом энерге­тикасының болашағы мен тұрақты дамуға қосатын үлесі туралы жан-жақты хабардар болды.

Энергетика министрі облыс орталығындағы «Көкшетау-Энерго» ЖШС жұмысымен танысып, кәсіпорын ұжымымен кез­десті. Бұл жерде де атом электр стан­сасының қаншалықты ма­ңыз­ды екені жан-жақты түсін­ді­ріл­ді. Ел экономикасының тұрақ­ты дамуы электр энергиясына сұ­ра­­ныс­тың артуымен қатар жүре­ті­нін бұл ұжым жақсы біледі. Өнер­­кәсіп, металлургия, көлік, ІТ, фар­мацевтика, ауыл шаруа­шы­лы­ғы өнімдерін қайта өңдеу бағы­­тын­дағы жаңа жобаларды іске асыру үшін қазірдің өзінде электр энергиясына деген сұраныс жоғары.

«Егемен Қазақстан»

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі