jasqazaq.kz

Көксарай су реттегіші күрделі жөнделеді

13 сәуiр 2023, 11:03

Көксарай су реттегішін күрделі жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында мәлім етті.

«Бүгінде Сырдария өзенінің бассейнінде көктемгі су тасқыны кезеңі аяқталды. 1 сәуірден бастап өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қажеттіліктері үшін Көксарай контрреттегішінен су шығарылады. Сондай-ақ, жинақтаушы сыйымдылықтардың техникалық жай-күйін жақсарту үшін Көксарай контрреттегішін қайта жарақтау бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Қайта жарақтау қорытындысы бойынша контрреттегіштегі судың жинақталу мүмкіндігін жобалық көлемі 3 млрд м3 дейін жеткізу жоспарланып отыр», — делінген жауапта.

Сондай-ақ, қарымта су реттегіші жыл сайын жөндеуден өтетіні айтылған.

«Бұдан басқа, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін контрреттегішті қауіпсіз пайдалану қағидаларына сәйкес жыл сайын ағымдағы жөндеу түрінде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі», — деп жазады Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата