jasqazaq.kz

Көкпаршы қыз Алтынай: Салым салмадым, жерден іле аламын (Видео)

03 сәуiр 2023, 14:18

Алматы облысы Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылында көкпар тартып жүрген 15 жастағы Алтынай есімді қыз желі қолданушыларын, табиғи көркімен, күлімдеген жүзімен баурап алды. Бұл туралы фотограф, режиссер Ернар Алмабек өзінің Instagram парақшасында видео жариялап, жазбамен бөлісті.

«Көп бозбаланың ішінде атқа мініп жүрген жалғыз қызды көргенде көрерменнің бірі болар деп мән бермегем. Көкпар басталғанда әлгі қыз додаға кіріп кеткені… Әрине, жігіттер сияқты ұзақ шаппады. Бірақ осы әрекетінің өзі тамсануға тұрарлық. Есімі Алтынай екен. Жасы 15-те. Демалып тұрған сәтін пайдаланып, суретке түсіріп алдым», — деді Ернар Алмабек.
Өжет қыз Алтынайдың айтуынша, оған көкпар тартқан ұнайды, әрі қызығып жүргеніне бір жылға жуық уақыт болған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Yernar Almabek (@yernar.almabek)

«Көкпарға қызығып жүргеніме бір жылдай болды. Салым салмадым, бірақ жерден іле аламын. Әкеммен басында еріп алған болатынмын. Содан кейін әкем «қыз баласың, қой, барма!» деген. Бірақ өзімнің сұрауым бойынша барамын дедім. Содан бардым», — деп бөлісті Алтынай.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде