
Тунис футбол федерациясы “Сфаксьен” футбол клубының президенті Монсефа Хемахемды матч төрешісіне қарсы жасаған әрекеті үшін өмір бойына қызметтен аластатты.
Оқиға “Сфаксьен” мен “Этуаль дю Сахель” командалары арасында болған. Командасының қақпасына белгіленген даулы пенальтиден соі Хемахем алаңға шығып, төрешіні бас салып сүйіп, сосын құлағынан тістеп алады.
Тунис футбол федерациясы оқиғаны өте ерсі деп бағалап, оның футболға қатысты кез-келген жұмыспен айналысуына тыйым салды. Сондай-ақ, клуб президенті 12 мың доллар айыппұл да төлеуі тиіс.
https://www.youtube.com/watch?v=npIVzSqGoN4&feature=youtu.be