jasqazaq.kz

КҚК-на шабуыл — ірі халықаралық жобаға жасалған қиянат

20 ақпан 2025, 17:43

Кеше ғана Каспий құбыр консорциумын (КТК) украиндық қарулы дрондар ашық шабуылдады. Бұл бомбалауды Украина қарулы күштері растады. Дегенмен атқылаудың себебі бойынша украиндық қарулы күштерінің позициясы анық емес.
«Не үшін, неге?» деген сұрақтарға нақты саяси жауап алуымыз керек. Өйткені бұл стратегиялық Каспий құбыры бойынша тек қана қазақстандық мұнай тасымалданатыны барлығына мәлім. Яғни, бұл қарулы шабуылды ірі халықаралық жобаға жасалған қиянат деп бағалауға болады.
Одан қалса, біздің еліміздегі өндірілетін мұнай да АҚШ, Еуропа мемлекеттерімен ортақтасқан ірі Трансұлттық компаниялардың үлесі бар екені анық.
Ең бастысы, АҚШ, Еуропа мен Қазақстан әрдайым осы соғыстың бейбіт аяқталуы үшін өзінің тікелей саяси көзқарасын білдіріп жүр. Нақтыласақ, Қазақстан бұл арнайы әскери операцияны басынан бастап қолдамаған және позициясын ашық жариялады.
Ресейді соғысты тоқтатуға да шақырған біз едік. Барлық тараптарға арнайы алаң беруге дайын екенімізді ашық жариялап, шиеленістің бейбіт түрде шешілуін және оған БҰҰ-ның араласуын да ұсындық.
Сондықтан тез арада аталған шабуылға украин жағы барлық халықаралық шарттарға сәйкес саяси жауап беруі тиіс деп ойлаймын. Бұл мәселені сыртқы істер министрлігі өз бақылауына алуы тиіс.
Самат Нұртаза
Facebook парақшасынан

Сурет: КҚК

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі