jasqazaq.kz

Кісі өлтірді деген күдікпен 17 жыл іздеуде жүрген қазақстандық Литвадан елге жеткізілді (Видео)

13 қараша 2025, 15:45

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Литвадан 17 жыл бойы кісі өлтіру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша іздеуде болған Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ведомство мәлім еткендей, 2007 жылы күдікті сыбайласымен бірге заңсыз жолмен баю мақсатында Алматы қаласына келген. Олардың қылмыстық әрекеті өзге қылмыстық топ өкілдерімен жанжалға әкеліп, соның салдарынан олардың бірін өлтіруге шешім қабылдаған. 2008 жылғы 19 мамырда күдіктілер өздерінің қылмыстық ниеттерін жүзеге асырып, жәбірленушіні өз үйінің ауласында тосып алып, оған бірнеше рет оқ атқан. Соңғы оқ басынан тиген, яғни «бақылау» оқ болған. Алынған жарақаттардан жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан. Қылмыс жасағаннан кейін күдіктілердің бірі ұсталып, кейін сот үкімімен сотталды, ал екіншісі жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.

— Жазадан жалтару мақсатында күдікті анкеталық деректерін өзгертіп, Еуропа аумағында жасырынған. 2025 жылғы тамыз айында Литва Республикасының шекарасын кесіп өту кезінде ұсталды. Кейіннен Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Айыпталып отырған қылмыстар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеу түріндегі жаза көзделген, — делінген прокуратура таратқан ақпаратта.

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті