jasqazaq.kz

Кинозалда аяғын көтерген әйелге ескерту

08 қараша 2016, 18:25

adambay010

Нұртас Адамбай кинотеатрда аяғын алдыңғы орындықтың үстіне шығарып отыратын әдепсіз жандар туралы сыр шертті. Белгілі кинорежиссердің айтуынша, бүгінде жастар ғана емес, ересек адамдар да қоғамдық орында өздерін қалай ұстау керектігін білмейді.

Адамбайдың айтуынша, елімізде кейбір жандар кинотеатрға бару мәдениетімен таныс емес. Сорақысы сол, ондайлардың қатарында жастар ғана емес, ересектер де бар болып шықты. Адамбайдың жанына батқан да осы нәрсе.

«Демалыс күні 2 рет киноға бардым. Екеуінде де алдыңғы орындыққа аяғын көтеріп отырған жандарды көрдім. Ескерту жасағым келді, алайда ол менен тым қашықта отырды. Бүкіл залға айқайлағым келді. Бірақ өз ата-аналары тәрбиелей алмаған жандарға менің сөзімнің өтуі екіталай. Мені ашуландырған нәрсе басқа. Сол аяғын жоғары көтеріп отырғандар «мәдениетті жандардың» арасында ересек әйел де болды. Сырт көзге ақыл-есі түзу кісіге ұқсады. Ересек адамдардың өздері осындай әрекетке барып отырған кезде жастардан не сұраймыз? Олар өз балаларына не үйрете алады? Ұят деген болу керек қой. Алайда ондайлар ұялмайды. Әлі күнге дейін киноға қалай бару керектігін білмесек, 30 елдің қатарына кіру туралы сөз қозғаудың өзі артық шығар?!» – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары Адамбайдың пікірін қостай кетті.

«Мемлекетіміз дамысын десек әркім өзін өзгертуден бастасын», – деп пікір білдірді Нұрлан есімді желі оқырманы. Сол сияқты Жан есімді оқырман мұндай жағдайдың еліміздің барлық аймағында, барлық кинотеатрында орын алатынын ашына жеткізді. Өзге оқырмандар мәдениетсіз жандардың кесірінен киноға барудан қалғанын айтып шағымданды.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде