jasqazaq.kz

«Киноға түсесің» деп 1000 теңгесін алды

24 ақпан 2017, 23:19

Азаматтарға белгісіз алаяқтар мың теңге төлеп, көркем фильмге түсуді ұсынуда. Қосымша рөлдерге әртістер іздестіріліп жатқаны туралы OLX тегін жарнамалар сайтында жарияланған.

ҚазАқпарат хабарлағандай, белгісіз біреу Қарағандыдағы басты көшелердің бірінде жүргізілетін заманауи фильмнің түсіріліміне қатысқысы келетін азаматтарға анкета толтыруды ұсынуда. Содан соң, ол қатысушылардың анкеталарында көрсетілген электронды пошталарына ұсыныс жібереді. Әкімші түсірілімге қатысқысы келетін азаматтарға киви-әмиянға мың теңге аударуды талап етеді. Әкімші өзінің бұл әрекетін қатысушының белгіленген күні түсірілім алаңына келетініне және ниетінен айнып қалмайтынына кепілдік деп түсіндіреді. «Қарағандыда фильм түсіріп жатқан ешқандай түсірілім тобы жоқ. Егер түсірілім орталық көшелерде жүргізіліп жатқан болса, біз міндетті түрде құлағдар болар едік», — деп хабарлады Қарағанды облыстық мәдениет басқармасы. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарына алаяқтық туралы шағым түспеген.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде