jasqazaq.kz

Әкімнің 22 жастағы жүргізушісінің жұмбақ өлімі: Іс тығырыққа тірелді

15 сәуiр 2017, 13:21

Батыс Қазақстан облысының полицейлері Зеленов ауданы Шалғай ауылы әкімінің 22 жастағы жүргізушісінің өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Тергеушілер әкім жүргізушісінің өлімінде қылмыс құрамы жоқ деп есептейді, — деп жазады «Надежда» басылымы.

Еске сала кетейік, Виктордың мәйіті былтыр 2 желтоқсанда өз үйінен табылған еді. Оның қылғынып өлгені хабарланып отыр. Сол күні ол жұмысқа шықпаған екен. Виктор Яковенконың денесін оның үйіне келген бауыры көрген. Көршілер қаза тапқан жігіттің өз үйінде орындыққа байлаулы табылғанын айтқан еді. «Оның тіпті іш киімі де әйелдікі болған. Ал аузында әйелдің шұлығы болған. Оны өлтіргендер шұлықты жас жігіттің аузына тыққаны сонша, оның алып шығу мүмкін болмаған», — деп жазған еді «Уральская неделя» басылымы. «Барлығқ айғақ жігіттің зорлықпен өлтірілгенін көрсеткен еді. Алайда полицейлер осы қылмысқа қатысты мәлімет айтуға асықпады. Tengrinews.kz хабарлағандай журналистер тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын сұрастырып тұратын. Ал тәртіп сақшылары болса «қылмысқа қатысы бар деген күдіктілерді таба алмай жатырмыз» деп жауап берген. Ал төрт айдан кейін олар тіпті бұл істі жай жаба салуды шешкен», — деп жазады басылым. «Қызық жағдай болып тұр: денесінде зорлық белгілері болған адам өлімі, бірақ онда қылмыс құрамы жоқ. Сонда жігіт өз-өзін байлап, өзін өлтірген болып тұр ма? Алайда ІІД өкілдері оны өз-өзіне қол жұмсаған деп те айтпайды», — дейді басылымдағылар. Ал прокуратура өкілдері полицейлердің шешімінің қаншалықты заңды екенін тексеруге уәде берді. Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның облыстық филиалында бұл шешімді заңсыз деп атады. «Меніңше, бұл заңсыз үкім, прокуратура шешімді жоюы керек. Мұнда екі нұсқа бар: мүмкін, полицейлер бұл іспен айналысқысы келмейді немесе олардың бұл қылмысты ашуға мүмкіндік бермейтін қандай да бір себептері бар», — деді филиалдың директоры Павел Кочетков.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде