Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Бұл туралы Ақорданың баспасөзі хабарлады. Ақорданың ресми сайтында мемлекет басшысының «Үкіметтің құрамы туралы» жарлығы жарияланды. Аталған құжатқа сәйкес, министрлер өзгермеген. Ерлан Ыдырысов – сыртқы істер министрі, Қалмұхамбет Қасымов – ішкі істер министрі, Дәурен Абаев – ақпарат және коммуникациялар министрі, Ерлан Сағадиев – білім және ғылым министрі, Тамара Дүйсенова – денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, Жеңіс Қасымбек – инвестициялар және даму министрі, Бақыт Сұлтанов – қаржы министрі, Арыстанбек Мұхамедиұлы – мәдениет және спорт министрі, Қуандық Бишімбаев – ұлттық экономика министрі, Қанат Бозымбаев – энергетика министрі. Жарлық бүгіннен бастап күшіне енді. Тек қорғаныс министрі болған Иманғали Тасмағанбетов Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне тағайындалып, оның орнына Сәкен Жасұзақов келді. Ал Әділет министрлігін басқарған Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды