jasqazaq.kz

Үкімет басшысы: азық-түліктің қымбаттағанына, әкім жауап береді!

12 желтоқсан 2016, 15:16

Азық-түлік бағасының қымбаттауына әкімдер жауап беретін болады. Бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев осылай айтты.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «ешкім нарықтық жағдайда жұмыс істемеуі керек, табыс таппауы керек деп отырғанымыз жоқ. Біз тек монополиялық жоғары баға белгілеу жағдайлары болса, антимонополиялық заңнама аясында тетіктерді қолдана отырып, олардың жолын кесу керек дейміз», — деді Үкімет басшысы. Осы ретте ол бақуатты бизнесмендердің өз шығыстарын төмендету есебінен өндіретін тауарларын арзан бағамен сататындығын, мұндай өте жақсы тәжірибе әлемде бар екендігін баса айтты. Сондықтан мемлекет шығындарды төмендету шараларын қарастыру қажет деп санайтындығын, бұл ретте. нарыққа қатысушылар да өз шығыстарын төмендетуі тиістігін атап өтті. «Олар көлік шығыстары, сақтау және электр энергиясы. Яғни, кешенді шешімдер қабылдайтын сәттер өте көп. Бұл әкімдер жауапкершілігінің аумағы. Барлық қажетті заңнамалық өзгертулерді жүргізіп, жауапкершілікті толығымен жергілікті атқарушы органдарға беру қажет», — деп атап өтті Премьер-Министр. Үкімет басшысы қайта-қайта әкімдерді оқыта берудің еш қажеттігі жоқтығын баса айтты. «Үкіметтің әр отырысында қалай жұмыс істеу керектігін немесе тұрақтандыру қорларын қалай басқару қажеттігін үйрету дұрыс емес сияқты. Өйткені, олар әкімдер, өте білікті адамдар. Оған қоса, тұтастай аппарат, құрылымдар бар. Баға өсімі үшін жергілікті атқарушы органдардың өздері жауап беруі тиіс. Бұл ретте біз толық құқық беруге тиіспіз және араласпауымыз қажет», — деді Сағынтаев.

 

Бүгін, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
Бүгін, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов
Бүгін, 15:54
Как будут реализовываться новые инвестиционные проекты в Туркестанской области?
Бүгін, 15:48
Языковая политика в Туркестане приносит свои плоды
Бүгін, 15:42
Галымжан Орынов: В Туркестане система образования вступила в новый этап
22 сәуiр, 15:52
В Туркестанской области строится мегаферма на 50 тыс голов
22 сәуiр, 15:49
Туркестан: В Ордабасинском районе реализовано более 120 проектов
22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт