jasqazaq.kz

Үкімет басшысы Алматыда

15 тамыз 2016, 11:58

357238

Бүгін Алматыға жұмыс сапарымен Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов келді. Алматы халықаралық әуежайында Үкімет басшысын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек,  Энергетика министрі Қанат Бозымбаев,  Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, басқа да жоғары қызметтегі тұлғалар қарсы алды.

Ең алдымен Кәрім Қажымқанұлы Алматы халықаралық әуежайының ұшу алаңы маңында орнатылған арнайы стендті тамашалады. Мұнда сөз алған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Румиль Тауфиков Үкімет басшысын оңтүстік астанадағы әуежай, теміржол вокзалдары және автобекеттердің қауіпсіздігі бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Бұдан кейін Кәрім Мәсімов Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына жүріп кетті.

Айта кетелік, бүгін Үкімет басшысы Алматыда бірқатар нысандарды аралайды.

Олардың ішінде Алматы облысы, Талғар ауданының Арқабай ауылында орналасқан «Байсерке Агро» ЖШС барып, осы агроөнеркәсіптік кешеннің жұмысымен танысады. Одан кейін, Наурызбай ауданына барып, Қарағайлы өзенінің арнасын нығайту, 2015 жылы орын алған селдің салдарын жою жұмыстарымен танысып, құрылысшылармен және мердігерлермен әңгімелеседі. Одан әрі, Алатау ауданында орналасқан «Саялы» ықшам ауданына келіп, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған 65 көпқабатты тұрғын үйлерді аралап көреді. Мұнда 10 жас отбасыға пәтер кілті табыс етіледі. Бұдан кейін, Кәрім Мәсімов Алатау ауданының Шаңырақ шағын ауданына барып, Қарағайлы өзенінің арнасын нығайту жұмыстарымен танысып, жергілікті тұрғындармен сөйлеседі. Түстен кейін Үкімет басшысы 12 мың орынды Мұз сарайы мен 5 мың орынды Атлетикалық қалашыққа барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысады. Бұдан соң, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Үкімет басшысының, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласының мамандары және ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарының қатысуымен мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету бойынша шағын жиын болады. Бүгін жұмыс сапары барысында Кәрім Мәсімов белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы ғалым, ақын Ахмет Байтұрсынұлының мұражайында болып, осы мекеменің жұмысымен танысады. Бұдан кейін, кешке қарай, Алматы қаласы әкімдігінде Үкімет басшысы оңтүстік астананың бас жоспарымен танысады және кәсіпкерлікті дамыту және банк қызметі тақырыбында өтетін отырыстарға қатысады.

20160815104638

 

kaz.caravan

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде