jasqazaq.kz

Үкімет басшысы Алматыдағы арықтарды араламады

15 тамыз 2016, 22:27

photo_192451

Кәрім Мәсімов бұған дейін белшеден суға батқан қаланы Бауыржан Байбекпен бірге көріп шығамын деп сөз берген еді. Алайда бүгінгі ауа райы қала әкіміне қолайлы болып тұр. Сондықтан шаһар басшысы Премьер-Министрді былтыр су басқан аудандарға апарды. Мұнда Үкімет басшысы тасқын салдарын жою жұмыстарымен танысып, қаланың қауіпсіздік мәселесіне мән берді.

Үкімет басшысы Алматыға табаны тие салысымен жұмысқа кірісіп кетті. Кәрім Мәсімовке ұшақтан түскен бойда халықаралық әуежайдың жұмысы таныстырылып, алдағы уақытта атқарылатын шаруалардың жоспары көрсетілді. Мәселен, соңғы екі жылда Алматы әуежайына 1 миллиардтан астам инвестиция тартылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Яғни лаңкестік қауіптің алдын алу үшін әуежай ғимараты 800-ден аса бейнекамерамен жабдықталып, 60-қа жуық рентген құрылғысы орнатылыпты. Ал алдағы Универсиада мен ЭКСПО қонақтарын қажетті деңгейде күтіп алу үшін екі бірдей ұшып-қону жолағы қайта жөндеуден өткізілмек.

Айбол Бекмұхамбетов, Алматы халықаралық әуежайының президенті:

-11 миллиард теңгеге ұшып-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Егер бұл жұмыстар жасалса, ұшақтардың келіп-кету жиілігі екі есеге ұлғаяды.

Кәрім Мәсімов Алматыға келген бойда Бауыржан Байбекпен бірге қаладағы арықтарды аралаймын деп сөз берген еді. Алайда бүгінгі ауа райы қала әкімі үшін қолайлы болып тұр. Сондықтан шаһар басшысы Премьер-Министрді былтырғы тасқыннан зардап шеккен аудандарға апарды. Үкімет басшысы келеді деп су тимеген жолдар жуылып, жиектегі кедергі келтірген көліктер алынып тасталуда. Ал шырттай киінген шенеуніктер Шатырдағы шаң басқан кілемді сәт сайын сыпырып, жанталасып жүр. Алайда Кәрім Мәсімовті тазалықтан гөрі тасқынның зардаптары қатты алаңдатады екен.

Қараша халықты қан қақсатқан Қарғалыдан бөлек, Алматыға қауіп төндіріп тұрған мұздықтар да бар екен. Атқамінерлердің айтуынша, Алатаудың бауырында орналасқан 41 көлдің 17-сі қауіпті саналады екен. Ал кейбір шатқалдарда мүлдем бөгет жоқ. Осының бәрін шаһар басшысы Кәрім Мәсімовке жасырмай жайып салды.
Ақсай шатқалында алапат тасқынның алдын алуға арналған бөгет салу жоспарда бар. Ол үшін Бауыржан Байбек үкіметтен 17 миллиард теңге қаржы сұрап отыр. Кәрім Мәсімов әкімнің бұл сөзін жерге тастамауға уәде берді

КТК

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде