jasqazaq.kz

«Әкімдіктің қызметкері» жол апатында зардап шеккендерді «крышасымен» қорқытты (видео)

28 сәуiр 2017, 11:46

Алматыда жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші мен жолаушысы отырған Volkswagen көлігі қырық минут бойы қашып жүрген. Оларды зардап шеккен көліктің жүргізушісі қуған. Алматыдан Талғарға дейін қашып барған Volkswagen көлігі жолда тағы екі жол апатын жасаған.

Ал ұсталған кезінде жолаушы орнында отырған қыз Алматы облысындағы аудандық әкімдікте жұмыс істейтінін айтып, зардап шеккендерді «крышам» бар деп қорқытқан. Бұл оқиғаның видеосын patrul.kz сайты жариялады. «Мәселені оңайлықпен шешейік дедім. Іс сотқа дейін барса, ештеңе шешілмейді. Мен де ештеңе бермеймін. Біздің заң осындай», — дейді қыз видеода. Ал зардап шеккендердің мемлекеттік қызметшінің әдебін еске салғанына қыз былапыт сөзбен жауап қайырған. «Ой, б…, басқа табыс көзім жоқ дейсіздер ме? Әрқайсымыздың «крышамыз» бар. Барлығыңыз осыны түсінуіңіз керек. Ал өлгенде ғана әрекетіміз үшін жауап береміз», — деп мәлімдеді қыз. Кейін жол апатына себепкер болған жүргізушінің қан құрамында 1,48 мөлшерінде алкоголь болған. Алайда ер адам куәландыру актіне қол қоюдан бас тартқан. Оның көлігі айып тұрағына қойылды.

https://youtu.be/QjReZr77vF4

tengrinews.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді