jasqazaq.kz

«Әкімдік қызметкеріміз» деп 100 миллион теңгені қалтаға басты

30 қыркүйек 2016, 18:14

photo_29840

Петропавлда 94 миллион теңгені алаяқтық жолмен тапқандарға қатысты үкім шықты. Әкімдік қызметкеріміз деп елді алдаған алаяқтар 6, 7 және 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Қылмыстық топқа Солтүстік Қазақстан облысының тумалары болып келетін үш әйел адам кірген. Олар Петропавл тұрғындарына кезекке тұрмай-ақ және төмен бағамен мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуды ұсынған. Алдымен Петропавлда, кейін ел астанасынан пәтерлер алуға болатынын айтқан, ал бұған олардың қалалық әкімдіктердегі қызметі кепіл болады деп сендірген. Көмегі үшін 4 000-нан 50 000 долларға дейін сұраған. Күткендеріне жете алмаған тұрғындар полицияға шағымданған.

2015 жылы полиция 28 жастағы Альфия Жүкенованы ұстаған. Ол СҚО тумасы, екі баласы бар жалғызбасты ана. Орта білімді, жеке кәсіпкер болып істеген. Ол үш сотталушының ішінде кінәсін мойындаған жалғыз адам. Ол 6 жыл 6 айға кесілді. Ең қатаң жазаны бірнеше рет алаяқтық жасаған 60 жастағы Сара Тайжанова алды. Қылмыстық топтың үшінші мүшесі Оксана Войдило 7 жылға сотталды. Сонымен бірге оның Аққайың ауданындағы салынып жатқан үйі мен жер телімі тәркіленді.

Тәркілеу кезінде сотталушылардың банктік есеп шоттарында тек бірнеше жүз теңге ғана болған.

Іс бойынша 23 адам зардап шекті. Олар алаяқтарға жалпы көлемде 94 миллион теңге берген. Азаматтар өз қаржысын сотқа арыз бергеннен кейін ғана қайтара алады. 

kaz.tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде