Күдіктінің фотосын The Star басылымы жария етті. Онда LOL жазбасы бар ақ жемпір мен қысқа көк белдемше киген бойжеткен бейнеленген.
Nur.kz сайтының хабарлауынша, Солтүстік Кореяның екі тыңшы қызы Ким Чен Ынның бауырын Куала Лумпур әуежайында өлтіріп кеткен. Ол улы инемен немесе улы сұйықтықпен өлтірілген болуы мүмкін. Одан кейін қылмыскерлердің екеуі де таксиге отырып, ізін жасырған.