jasqazaq.kz

«Қызылжар деп атай беріңіз»

05 сәуiр 2023, 15:34


Жуырда ат төбеліндей азғантай тұрғыны ел ішіне жік салу мақсатында сепаратистік пиғылдағы мәлімдеме жасаған Петропавлдың атауын Қызылжар деп өзгерту үшін сол өңірдің халқы бастама көтеруі тиіс. Мұны мәжілістің кулуарында депутаттар Ермұрат Бапи мен Ерлан Саиров айтты.

Депуттаттар Петропавлды Қызылжар деп өзгертуді қолдайтынын жеткізді. Ерлан Саиров қала атауын әркім де Қызылжар деп айта берсе ешқандай шектеу, тоқтам жоқ деді. «Кеңес өкіметінің кезінде Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқановтарда қаланың атын Қызылжар деп жазған шығармалары бар. Кеңестің жүйенің кезінде барша ақын-жазушылар осы атауды еркін қолданды. Сондықтан әркімнің өз еркінде, мысалы мен де Қызылжар деп айтамын», – деді Е.Саиров. Мәжіліс депутаты заң бойынша мұндай мәселе парламентте көтерілмейтінін, тек тұрғындардың бастамасымен көтеріліп, жергілікті мәслихаттың құзіретінде қаралатынын айтты.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде