jasqazaq.kz

Қызылша кеселі өршіп тұр

04 қараша 2023, 15:33

Еліміздің барлық аймағында қызылша дерті тіркелген. Кесел, әсіресе, Шымкент пен Алматы қалаларында өршіп тұр. Сондай-ақ, А гепатитінің таралуы да алаңдаушылық туғызып отыр.
Үкіметтің Telegram-каналы хабарлағандай, бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен жиында еліміздегі санитарлық- эпидемилогиялық ахуал талқыланды.
Вице-премьер кеселдің қаупі туралы тұрғындарға тиісті ақпараттың жетпеуі себеп болуы мүмкін екенін атап өтті. Өйткені, екпе салдырмай, ауру жұқтырғандар қатары көбейіп барады.
Т. Дүйсенова бұл жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нашар екендігін аңғартатынын айта келе, “Адам өзіне өзі жау емес. Қауіптің барын білсе, өзін қорғау шараларын қолданады. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, бұл бағыттағы жұмысты күшейту керек” деді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі