jasqazaq.kz

Қызылордада оқушы өлімінен кейін мектеп директоры қызметінен кетті

13 ақпан 2024, 16:20

Қызылордадағы оқушының өліміне байланысты облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов түсініктеме берді. Бұл туралы inform.kz жазды.

«Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде 12 ақпан күні түскі сағат 14.00 шамасында қайғылы жағдай тіркелді. Кенттегі медициналық мекемеге жеткізілген № 189 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы қайтыс болды. Алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Мәлім болғаны, балалар арасында келіспеушілік туындаған. Оқиға көпқабатты үйдің подьезінің алдында болған. Қасында болған үш бала оны кенттегі медициналық мекемеге жеткізген. Тергеу амалдары негізінде қайтыс болған баланың денсаулық жағдайына байланысты мәліметтер анықталады», — деді ол.

Облыс әкімінің арнайы тапсырмасымен әкімнің орынбасары, қала әкімі, облыстық білім басқармасының басшысы қайтыс болған баланың отбасына барған көрінеді. Басқарма басшысының айтуынша, оқушының өлімінен кейін мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен кеткен.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі