jasqazaq.kz

Қызылордада Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

01 мамыр 2025, 17:20

Бүгін «Достық үйі» алаңында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Сыр елі – татулық пен келісімнің мекені» атты мерекелік шара өтті. Алаңда қолөнер бұйымдарының, жас суретшілер туындыларының көрмесі ашылды. «Құстар фестивалі» де мерекенің сәнін келтіріп, жұртшылыққа ерекше көңіл-күй сыйлады.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ тұрғындарын бейбітшіліктің, келісімнің мерейлі мейрамымен құттықтады.

«Бір мүдде, бір мақсат жолында ұйысып, ынтымағы жарасқан елдің бірлігін сақтау — баршамыздың азаматтық парызымыз.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – байтақ жерімізді, қастерлі тілімізді және береке-бірлігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек» — деген болатын.
Еліміздегі этносаралық достық пен бірліктің үлгісін әлемге танытқан, жалпыұлттық тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің қайнар бұлағы болған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейлі мерекесімен баршаңызды құттықтаймын!»- деді аймақ басшысы.


Нұрлыбек Машбекұлы жақында ғана Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында талқыланған мәселелерге, болашаққа бағытталған тың бастамаларға тоқталды.

Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, жерлестеріміздің берекелі бірлігінің арқасында Сыр өңірінде жүзеге асқан жаңашылдықтарды атап өтті.
Өңіріміздегі 30-дан астам этнос өкілдерінің экономика, мәдениет, спорт, білім, ғылым салаларының дамуына, еліміздің өркендеуіне қосқан үлесін жоғары бағалады.

«Барлық ауданда ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар, ардагерлер мен аналар үйі бар, құны
11 млрд 500 млн теңге болатын «Руханият орталықтары» салынып, елдің ынтымағын нығайтуға бағытталған маңызды жобалар қолға алынды. Орталықтардағы
«Қоғамдық келісім» кабинеттері этнос өкілдерінің мәдени-рухани бірегейлігін сақтауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзінде: «Былтыр еліміздің рухани және тарихи-мәдени ордасы – Түркістанда жаңа ‘Достық үйі» ашылды. «Достық үйлері» тағы бірнеше қала мен аудан орталығында ашылады деп жоспарлануда. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Біз қоғамдық келісім инфрақұрылымын біртіндеп кеңейте беруіміз керек» — деген болатын.
Биылғы Ассамблеяның 30 жылдығы аясында баршамыз үшін қуанышты жаңалық — Қызылорда қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының демеушілігімен, құны
3 млрд. 800 млн. теңгені құрайтын жаңа «Достық үйі» салынады.
Осы шарадан кейін өздеріңізбен бірге барып, жаңа ғимараттың іргетасын қалаймыз, -деді аймақ басшысы.

Мерекеде этномәдени бірлестіктер мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған медальмен марапатталды.
Концертте Сыр еліндегі барлық этнос өкілдері өнер көрсетті, көпшілікке ән-жырдан шашу шашты. Әсіресе, патриоттық әндер бірлік пен татулық ұғымын ұлықтап, мән-мағынасын айшықтай түсті.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі