jasqazaq.kz

Қызылордада 250 әйел баласына алимент төлеуден жалтарған

28 наурыз 2025, 15:02

Қызылордалық сот орындаушылардың өндірісінде 276 452 атқару құжаты болса, соның 13 177-сі – алимент санатындағы істер.

Барлық құжаттың 13,9%-ы проблемалық алимент өндіру бағытында. Жауапсыз борышкерлердің кесірінен қордаланған қарыз сомасы 400,5 млн теңгеге жуықтады. Оның 255 млн теңгесі жыл басынан бері, ал 145,5 млн теңгесі мүлдем төленбеген.

– Борышкерлер арасында алимент қарызы 5 млн, тіпті 8 млн теңгеге жеткендер бар. Жеке сот орындаушылар оларға қатысты тиісті шаралар қолданды. Соның 1-і қарызының орнына әйелінің атына үйін аударып берді, — деді облыстық әділет департаментінің басшысы Ирина Бәкішева.

Алимент төлеуден жалтарып жүрген 28 адам Әкімшілік кодекстің 669-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық кодекстің 139-бабымен қылмыстық қуадалау органына 5 адамға қатысты ұсыныс жолданды. Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркеліп, борышкерлер тергеп-тексеріліп жатыр.

Қызылорда облысында алимент төлемей жүргендердің 12 320-сы ер адам болса, 250-і — әйел адам.

Inform.kz

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды