jasqazaq.kz

Қызылорда: сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

13 шiлде 2023, 20:22

Қызылорда облысында арнайы жұмыс тобы құрылып, шаруашылықтарға судың кезекпен берілуі бақылауға алынған. Бұл туралы аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың төрағалығымен өткен өңірді сумен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жиында айтылды.
Қазіргі уақытта егінді сумен қамтамасыз ету – күн тәртібінде тұрған басты міндеттердің бірі. Жауапты министрліктермен, шаруалармен бірлесіп, егінді судан қалдырмау шаралары қабылданып, күрделі жағдайда өтіп жатқан су мәселесін шешуге бағытталып отыр.
Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес бақша дақылдарын егу үшін облыс бойынша барлығы 3 мың 342 гектар жер арнайы дайындалған болатын. Мамандар егілген көлемді қайта нақтылау кезінде су тапшылығы байқалған. Кейбір елді мекендерде егіншілер суды жеткізе алмай, дизельді насоспен арықтан су алып отыр. Жоғары орналасқан жерлерге су жеткізу және қашыртқыдағы суды екінші мәрте пайдалану үшін 351 насос пайдаланылуда.
Жергілікті халық қосымша жер дайындауды сұрап, егін егуге ынта білдірген. Себебі биыл бақша дақылдары жоспарланған көлемнен артық егілген. Демек бұл жұмыстар қарапайым шаруа адамының күнкөріс деңгейіне оң әсер еткен. Облыс әкімі алдағы уақытта жергілікті халықтың сұранысына сәйкес бақша дақылдарын егу үшін жерді жоспармен дайындап, тұрғындардың сұранысын толықтай қанағаттандыруды тапсырды.
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалымен бірлесіп, дақылдардың нақты су тұтыну нормасына сәйкес су беру кестесін шаруалармен келісе отырып үйлестіру, су деңгейін көтеру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу жүктелді.
Өңірде су тапшылығын болдырмау үшін шілде-тамыз айларында «Шардара» су қоймасына түсетін судың көлемі секундына 200 текше метрден кем түспеуі және қоймадан төменгі ағысқа секундына 500 текше метр су жіберілуі қажет.
Облыс әкімі жауапты басшыларға егінді судан қалдырмау шараларын бақылауда ұстауды тапсырды.

А.Жұмабекқызы,
Қызылорда

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде