jasqazaq.kz

Қызылорда облысында 200 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған 7 адам шартты түрде сотталды

05 қыркүйек 2024, 16:20

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты 200 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған 9 адамға қатысты үкім шығарды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді облыстық прокуратура жүргізді.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз ақша аударылғанын дәлелдеді.

Қылмыстық іс бойынша негізгі айыпталушылар бас бостандығынан айырылса, қалған 7 сыбайлас бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, шартты түрде сотталды.
Келтірілген шығын ішінара өтелді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кету керек, бұған дейін прокурорлар сол аудандағы мектептердің есепшілері мектептерде жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз ақша аударып, жымқырғанын анықтаған болатын.
Бұл қылмыстық істер бойынша айыптау үкімі шықты.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі