jasqazaq.kz

Қызылорда облысы негізгі макрокөрсеткіштер өсімі бойынша бірінші орында

12 наурыз 2024, 21:28

Биылғы жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысымен Қызылорда облысы негізгі экономикалық макрокөрсеткіштер өсімі бойынша бірінші орында. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында айтты.

Мұнан бөлек, Үкімет басшысының орынбасары Қызылорда облысы негізгі капиталға инвестиция тарту және өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша бірінші, құрылыс секторындағы өсім көрсеткіші бойынша екінші орында екенін атап өтті.

Мәжілісте Премьер-министр Олжас Бектенов Сыр өңірі екі ай қорытындысымен жоғары даму көрсеткіштеріне қол жеткізгенін айтты.

«Қаңтар-ақпан айларында ел экономикасы 4,2%-ға, барлық макрокөрсеткіштер Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай облыстары мен Астана қаласында өсті», – деді Үкімет басшысы.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қазіргі жоғары даму қарқынын сақтауды және бюджет қаражатын толық игеруді тапсырды.

JQ-Aqparat

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі