jasqazaq.kz

Қызылорда: әртараптандырудың игілігі

06 шiлде 2023, 17:17
Фото: gov.kz

Биылғы әртараптандыру бағыты бойынша бақша дақылдарының көлемін жылдағыдан арттырып, экспортқа шығаруда Жаңақорған ауданының берекелі тыныс-тіршілігі көшпелі брифинг барысында белгілі болды.

Биыл Жаңақорған ауданында 37 781 гектарға егін егілген. Жалпы есеппен алғанда егінмен 460 шаруашылық айналысады.
Мәселен, аудандағы «АгроСервис» ЖШС 20 гектар жерге қарбыз тұқымын екті. Негізінен күріш егетін бұл қожалық төрт жылдан бері бақша дақылдарына басымдық беріп келеді.
«Қазіргі таңда қарбыздың холер сортын химиялық қоспасыз, табиғи жолмен ектік. Биыл қожалық 50 ц/га өнім алып, еліміздің басқа өңірлеріне және көршілес Ресейге экспортқа шығарып отырмыз. Бұл дақылдар аяқсу арқылы өсіріліп жатыр», – деді АгроСервис ЖШС өкілі Ерқұтты Байбосын.
«Аудан бойынша егілген 2000 га бақшаның 55 га жиналып, әр гектарынан 240 ц өнім алып отырмыз. Сондай-ақ күтімге алынған 15414 гектар ескі жоңышқаның бірінші орымы аяқталып, барлығы 46,7 тонна өнім жиналды. Ал егілген 3 151 күздік бидай дақылдарын ішінара жинау жұмыстары жалғасуда», – деді Жаңақорған ауданының ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Дәурен Әбибуллаев.
Биыл облыс бойынша 19,6 мың гектар жерге картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді. Бұған қоса биыл әртараптандыру бағытында қосымша соя дақылының егіс көлемі 74 гектарға, қант құмайы 221 га ұлғайтылды.

Айжан ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ
Қызылорда қаласы

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі