jasqazaq.kz

Қызылорда: ақшаны принтерден шығарып, зат сатып алған

26 сәуiр 2023, 15:30

Жалған банкноттарды сақтау және бірнеше рет өткізу фактісі бойынша анықталған қылмыстық істің тергеуін ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті аяқтап, іс материалын сотқа жолдады.

ҚМА таратқан хабарламада: «Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны номиналы 20000 (жиырма мың) теңгелік бірнеше банкноттарды сақтағаны және оларды жанар-жағар май құю бекеті мен автобөлшектер сататын дүкенге өткізгені үшін айыпталды. Заттар сатып алып, құны 20000 теңгелік банкнотты өткізе отырып, қайтарымына Ұлттық банкінің түпнұсқа банкноттарын алып отырған», — делінген.

Азамат өз кінәсін толық мойындады. Криминалист мамандардың зерттеуі барысында өткізілген банкноттардың Ұлттық банктің ақша белгісіне сәйкес келмейтінін және ақшаның бәрі принтерде басып шығарылғандығы анықталды.

Қылмыстық кодексте бұл қылмыс үшін бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы түрінде жауаптылық көзделген.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі