jasqazaq.kz

Қызғаныштан дейді: Астанада 21 жастағы жігіт бұрынғы сүйіктісін өлтірген оқиғаның мән-жайы анықталды (Видео)

24 маусым 2025, 10:14

Сурет: Видеодан кадр

Астанада жас жігіт бұрын сүйген қызын пышақтап өлтірді. Онымен қоймай, марқұмның туған інісіне де суық қару сілтеген. Қанды қылмыс марқұмның пәтерінде болыпты. Кісі өлімімен аяқталған жанжалды бірнеше куәгер көрген, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Оқиға куәгері:  — Қызғаныштан болған дейді. Нақты неден екенін түсінбедім. Көзіммен көрген жоқпын. Дүкенге кіріп бара жатып естідім.

Куәгерлердің айтуынша, пәтерде басталған жанжалдан соң жас жігіт бұрынғы сүйіктісіне пышақ сұғып алған. Өлімге әкеп соққан ұрыс-керіс мұнымен бітпей, күдікті қолындағы сол суық қаруын марқұмның туған інісіне де сілтепті. Қанды қылмысқа барған 21 жастағы қаскөй есікті іштен жауып алып отырған. Тек полиция келгенде қарсылық көрсетпей, өз еркімен берілді. Ал жарақат алған жасөспірім балалар ойнайтын алаңда ауыр хәлде жатқан жерінен табылып, жедел ауруханаға жеткізілген.

Әсет Талапбеков, Сарайшық ауданы ПБ бастығының орынбасары: — Астанада адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы