jasqazaq.kz

Қызғалдақты жұлса, 10 350 000 теңге айыппұл төлейді

06 сәуiр 2023, 12:16

Түркістан облысында «Қызыл кітапқа» енген ерекше қорғаудағы қызғалдақтарды жұлған жағдайда заңмен жазаланады.

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы мен мен қорыққа шекаралас аймақтарда ерекше қорғауға алынған «Грейг» және «Кауфман» қызғалдақтары бар. Бұл қызғалдақтардың гүлденуі сәуір айының аяғында басталып, мамыр айының алғашқы он күндігіне дейін жалғасады. Қызғалдақты облыс тұрғындары мен қонақтары, туристер арнайы келіп көруге болады. Бірақ жұлуға қатаң түрде тыйым салынады.

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері Сматулла Джуманов: «Жойылып кету қауіпі бар қызғалдақ түрлерін жұлған жағдайда Қылмыстық кодекстің 339-бабымен іс қозғалып, 3000 АЕК (10 350 000 тг) дейін айыппұл салынады. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айрылады. Сондықтан жұлмаңыздар. Біз оны брендке айналдыруымыз керек. Бұл өсімдік біздің қасиетті даламыздың байлығы мен жеріміздің ерекшелігі», — дейді.

Өсімдікті көргісі келетін азаматтарға арнайы гид қызметкерлері көмектеседі.

Айта кету керек, Түркістан облысында өсімдіктің 5000-ға жуық түрі бар. Соның ішінде Ақсу Жабағылы қорығында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1300 түрі болса, «Қызыл кітапқа» енген 48 түрі кездеседі.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде