jasqazaq.kz

Құтқарушылар академиясына қамқорлық қажет

11 сәуiр 2023, 15:11

Бүгін Палата отырысында “Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы” заң қаралды.
Аталған заң негізінен Төтенше жағдайлар жөніндегі орталықты құру мен жұмыс істеуі және Қазақстан Республикасының аумағында дүлей зілзалалар қаупін азайту мәселелерін көздейді.
Жалпы қазіргі кезеңде төтенше жағдайлардың алдын-алу және оның қаупін азайту өте өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі соңғы жылдары елімізде тіркелген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жиілеуі осы саладағы кем-кетіктерімізді көрсетіп берді. Тиісінше, осы бағытта жүйелі түрде жұмыс жүргізуді қажет етеді.
Еліміздегі, тіпті Орталық Азиядағы төтенше жағдай қызметінің кәсіби құтқарушыларын әзірлейтін бірден-бір оқу орны — ҚР ТЖМ М. М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы 26 жылдан бері кәсіби құтқарушыларды даярлап келеді. Бірақ, академияның қазіргі жағдайы мүшкіл, академия заманауи техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеген. Мемлекет басшысы ақпан айындағы сапары барысында оқу орны жаңа кешенінің құрылысын бастап, 2026 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырған болатын.
Осы жылдың наурыз айында Сенаттың халықаралық қатынастар, қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің мүшелері де Ақмола облысына барып, академияның оқу үдерісі, техникалық базаларымен танысып, мәселелердің көптігіне көз жеткізді. Жатын орны мен ішер астың да сапасы сын көтермейді. Асхана орналасқан ғимарат апатты жағдайда болғандықтан, курсанттар ақпан айынан бері қашықтықтан оқып жатыр. Құтқарушыларды айлап онлайн оқыту деген ойға қонымсыз.
Бүгін Сенат отырысында депутат Бибігүл Жексенбай осы салада қордаланған мәселелер бойынша бірқатар әріптестерінің атынан Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады.
Депутаттық сауалда Мемлекет басшысының академияның жаңа кешенін (оқу-зертханалық, спорттық корпустар, асхана, жатақхана және т.б.) салу жөніндегі тапсырмасын уақтылы орындау үшін барлық ведомствоаралық рәсімдерді жедел жүргізе отырып, республикалық бюджеттен қаржы бөлуді қамтамасыз ету керектігі, осы саладағы кадр дайындау мен қайта даярлаудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Бұған қоса, депутат атқарушы биліктің академияның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды жөндеуді жүзеге асыруға, қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін жабдықтар мен зертханаларды сатып алуға қаражат бөлу, академияның профессорлық-оқытушылық құрамының ақшалай қаражаты мөлшеріндегі теңсіздікті қарастыру және жою, оқу процесіне шетелдік ғалымдар мен жетекші мамандарды тарту, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) орындауға нысаналы гранттар бөлу, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру мүмкіндігін қарастыру қажеттілігі сияқты өзекті мәселелерге назар аударуды сұрайды.

JQ-Ақпарат

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата