jasqazaq.kz

Қытайға виза алу үшін табан тоздырмайтын болды

25 сәуiр 2023, 20:17

 

«Қытай қаптайды», «Қытай жаулайды» деген жазбалар Фейсбукте қаптап кетіпті. Ол жақында шыққан «Қазақстан мен Қытай азаматтары 30 күн визасыз жүре алады» деген ақпаратқа байланысты жазылуда.

Ал мәселеге басқа қырынан үңіліп қарасақ, ешқандай да Қытай қаптамайды. 2022 жылы біз «Қытай азаматтары 14 күн визасыз жүре алатын» өзгеріс енгізгенбіз. Бір жылға жуық уақыт болды, қаптаған қытай көрмедім. Дәл сол сияқты болады.

Қытайдың жалпы біздің азаматтар үшін 30 күн визасыз режимге рұқсат еткені жақсы жаңалық. Қытай елшілігінің алдында виза алуға тізіліп кезек тұратын. Қытайдан келген қандас достарым жетерлік, солардың туыстары, таныстары виза алу үшін айлап құжат жинап жүретін. «Ана жерден анықтама әкел, мына жерден құжат әкел» деп шапқылайтын. Ал енді мынау ол азаматтар үшін жақсы жаңалық қой. Алтайдың арғы бетіндегі қандасқа да тиімді. Оның үстіне Қытайға демалуға, медицинасы жақсы болғандықтан ем алуға баратындар да жеткілікті. Олар үшін де әуре-сарсаң азайды. Ең тиімдісі кәсіпкерлерге деп ойлаймын. Өткен жылы Қазақстан-Қытай сауда қатынасы алғаш рет Ресейді артта қалдырды. Біз үшін Қытай басты экономикалық, сауда қатынастағы серіктеске айналды деген сөз. Қытайға кіріп, кәсіп жасап, табыс көзін іздеп, шапқылап жүрген жандарға уақыт жағынан да, қаржы жағынан да тиімді болды деуге болады.

Сондықтан мәселеге осы қырынан да қарау керек деп ойлаймын. Эмоцияны жиып қойып, Қытайға кіру үшін виза алуға табан тоздырған қазақтың көзімен де қарау керек бұл жаңалыққа.

Асхат Қасенғали,

«Фейсбук» парақшасынан

 

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі