jasqazaq.kz

Қытай мен Кореядан көлік әкеп сататын танымал компанияның заңсыз әрекеті анықталды

25 ақпан 2025, 10:57

Қытай мен Кореядан көлік әкеп сататын «Allur Auto Astana» компаниясының заңсыз әрекеттері анықталды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі компанияның әрекетінде монополияға қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады.

Компания сатып алушылардың құқықтарын шектеп, мотор майын ауыстырған және тәуелсіз қызмет көрсету орталықтарында техникалық қызмет көрсеткен жағдайда автокөлік кепілдігін алып тастағаны анықталды. Осылайша, автосервистік қызметтер нарығында бәсекелестікті дамытуға кедергілер жасалып, тұтынушылардың құқықтары бұзылды.

«Департамент анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы компанияның атына хабарлама жіберді.

Қазіргі уақытта «Allur Auto Astana» ЖШС осы шектеулердің жойылғанын растады. Енді сатып алушылар өз көліктеріне кепілдікті жоғалтпай уәкілетті және тәуелсіз қызмет көрсету орталықтарында қызмет ала алады», — делінген хабарламада.

 Фото: istockphoto.com

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі