jasqazaq.kz

Қысым көрсеткен коллектор қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

18 мамыр 2023, 13:34

Коллекторлық агенттік қызметкерлері өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Әділет министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында осындай түзету енгізбек.

Заң жобасын Мәжіліс депутаттарына вице-министр Алма Мұқанова таныстырды. «Қылмыстық кодексте коллекторлық агенттік қызметкерінің өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, қарыздарды өндіріп алудың заңсыз әдістерін қолданғаны, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны және т.б. үшін жауапкершілігін көздейтін арнайы бап жоқ.
Бұл ретте Қылмыстық кодекстің 214-ші және 223-баптары коллекторлардың тек тіркеусіз коллекторлық қызметпен айналысқаны үшін, сол сияқты егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен ұштасса, сондай-ақ коллекторлық қызметтің құпиясын жария еткені үшін ғана жауаптылыққа әкеп соғады.
Өз кезегінде, коллекторлық агенттік қызметкерінің өз өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қайшы және өзі немесе басқа адамдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында пайдалануы қоғамға қауіпті іс-әрекеттер ретінде бағалануы керек», — деді Алма Мұқанова.

Министрлік мамандары мен заңгерлер коллекторларды өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынып отыр.
Әділет министрінің орынбасары: «Бұл шара заңдық сауатсыздыққа байланысты коллекторлық агенттіктер қызметкерлерінің қысымына және айла-шарғысына ұшырауы мүмкін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі