jasqazaq.kz

Құрылыс материалдары күн сайын қымбаттайды

12 қазан 2023, 16:05

Бәріне ортақ журналистика

Jas Qazaq пен Chevron компаниясының бірлескен жобасы

Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр.
Курсқа қатысушы Ринат Қасымов үй салудың машақаты мен құрылыс материалдарының бағасы туралы өз ойын ортаға салды.

 

Басымыздан өткендіктен жақсы білеміз, құрылыс материалдары күн санап қымбаттап барады. Жастар ауылдаға мектепті тәмамдаған соң ірі қалаларға жұмыс іздеп келеді. Басым көпшілігі жалақысынан жинақтап, үй салу үшін алдымен жер сатып алады. Өзім де еңбектеніп тапқан қаржыма жер сатып алып, биылғы жазды құрылыспен өткіздім.

Құрылысқа қажетті материалдың барлығы да күн санап шарықтап барады. «Үйдегі сауданы базардағы баға бұзады» деген рс екен. Бүгін сатып алған затың жетпей қалып, бірер күннен кейін қайыра базарға соғып сұрасаң, басқа бағаны айтады. Саудагерді де түсінуге болады. Базар қожайындары жалға беретін сауда нүктесінің де ақысын еш себепсіз аспандатып жібереді. Содан кейін олар да жалға алған орынның ақысын төлеу үшін тауарына үстеме баға қосады. Біздің елімізге құрылыс тауарлары көбіне Ресей мен Қытайдан келеді. Импорттық тауардың құны қашанда жоғары болатыны белгілі.

Бүгін де өзімнің салып жатқан үйіме қажетті құрылыс материалын алмаққа базарға келдім. Халық өзіне аса қажет болғандықтан да тауардың қымбаттығына қарамай алып та жатыр. Өйтпегенде қайтеді, алда қылышын сүйретіп қыс келе жатыр. Күн суымай баспанасын толықтай бітіріп, кіріп алсам деп жанталасады. Біз де үйіміздің құрылысын аяқтап, көшіп кірсек, қоныс тойын тойласақ деп қамданып жүрміз. Іргетасын құю сынды ауыр жұмыстарды жора-жолдас, достарымызды, туыс-туғанды шақырып асар салып құйдық. Егер жұмыскер жалдап істеткенімізде қыруар ақшамызды алатын еді. Асарға келген жақындарымыздың жұмысты атқаруға күш қосқанына қуандық. Халқымыздың осындай бауырмалдық, ынтымақ-бірліктегі берекесі көңіліңді өсіреді екен. Асар салу арқылы үйіміздің көп жұмысын бітіріп алдық.

Ринат Қасымов,
курсқа қатысушы

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры