jasqazaq.kz

Құрманай Бахтиярқызы: Менің телефонымды ұрлап кетті (Видео)

02 мамыр 2023, 11:07

Ақын Құрманай Бақтиярқызы тойда телефонын қолды қылған азаматтың видеосын Instagram желісінде жариялап, іздеу салды.
«Қымбатты оқырмандар, мына жігіт менің телефонымды ұрлап кетті. Телефон мейлі ғой, қанша тойын маған сеніп отырған жандар бар. Өтініш, мына көрсетілген нөмірге шығыңыздаршы. Абай болыңыздар. Мына видеоны көргендер, полицияға хабарлассын. Екі жылдан бері ұстатпай жүр екен», — деп жазды Құрманай Бақтиярқызы. Ақын желіде жариялаған видеодан белгісіз азаматтың мейрамхана ортасында тұрған Құрманай Бақтиярқызының телефонын алғанын байқауға болады. Осыдан соң ер адам ақынды телефонға суретке түсіреді. Ал кейінірек телефонды ұстаған күйі мейрамханадан шығып кеткен. Желі қолданушылары ер адамның бұл әрекетін қызу талқыға салды. «Құдай сақтасын», «Ұят тірлік қылыпты», «Ұрлықтың жазасы ауыр», «Телефоныңыз тезірек табылсын», — деп жазды Құрманай Бақтиярқызының оқырмандары.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ҚҰРМАНАЙ БАХТИЯРҚЫЗЫ (@kurmanai_bakhtiarkyzy)

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі