jasqazaq.kz

Қырғыз сейсмологы жұртты қорықпауға шақырды

12 наурыз 2024, 16:04

Қырғызстанның сейсмология институтының директоры Қанат Әбдірахманов жер сілкіну туралы өз зерттеуін жариялады. Оның айтуынша, жердің қозғалу кезеңдері бар. Дәлел ретінде марқұм профессор Э.Мамыровтың мәліметіне сүйеніп жасалған кестені ұсынады.

Онда ХХ ғасырдың және ХХІ ғасырдың басында сейсмикалық белсенділіктің басты кезеңдері көрсетілген. Суретте қызыл бояумен күшті жер асты дүмпулері, ал жасылмен жердің тыныштанған кезеңі белгіленген. Осыған орай Қ.Әбдірахманов Фейсбук парақшасында:

«Тыныш» кезеңде де жер сілкінісі болып тұрды, бірақ 5-6 балдан аспайды. Қазір біз 2008 жылы басталған сейсмикалық белсенділіктің 4-ші кезеңіндеміз. Ол 2026 жылы аяқталуы тиіс. Мамыровтың есебінше, бұл кезеңде зілзала күші 5-6 балдан аспауы керек»- деп жазды.

Оның айтуынша, осы кезге дейін барлық болжам расқа шықты.

«Тек 2024 жылғы 23 ақпандағы Қытайдағы жер сілкінісін күтпеген едік. Ештеңе емес! Қорықпаңдар!» — дейді ол.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі