jasqazaq.kz

Қырғыз ағайын елімізге 560 млн текше метр су береді

19 маусым 2024, 12:14

Биыл суару маусымында елімізге Қырғызстаннан Шу өзені арқылы 180 млн текше метр және Талас өзенімен 380 млн текше метр су келеді.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов құрамына қос мемлекеттің өкілдері кіретін Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 33-ші отырысында тиісті келісімге қол жеткізді.

Кездесуде тараптар Шу және Талас өзендеріндегі су шаруашылығы нысандарын жөндеу-қалпына келтіру жұмысының түрлері мен көлемі туралы да келісімге келді.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов: «Халықаралық ынтымақтастық — біздің министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Суару маусымына дайындық барысында еліміздің оңтүстігіндегі шаруаларды судың қажетті көлемімен қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс атқарылды, көрші мемлекеттермен маңызды келіссөздер жүргізілді. Бүгінгі таңда Қырғызстанның су ресурстары министрлігінің басшылығымен маусымның үшінші онкүндігінен бастап Шу және Талас өзендері арқылы су беруді ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазіргі уақытта қырғыз әріптестерімізбен бірлесіп су беру кестесін ұлғайту бағытында түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді.

Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстанның су ведомстволары елімізге «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы 922 млн текше метр су беру жөнінде келісімге келген еді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі