jasqazaq.kz

Қырағы жүргізуші шәйнектегі есірткіні көріп қойды

26 желтоқсан 2024, 11:29

Такси жүргізушіден басқа қалаға сәлемдеме жіберу бүгінде кең таралған. Өйткені бұл әлдебір затты жылдам жеткізуде уақыт үнемдейді, әрі арзанға түседі.
Дегенмен такси жүргізушілері сәлемдеме алғанда сақтық танытқаны дұрыс. Осыған қатысты Түркістан облысы полиция департаменті қылмысты ашуға септігін тигізген қоңырау туралы айтып берді.
Рolisia.kz жазғандай, биыл қаңтарда «102» арнасына такси жүргізушісінен ерекше қоңырау түскен. Ол полицияға күдікті зат туралы хабарлайды. Шымкентте оған белгісіз ер адам сәлемдеме беріп, оны Түркістанда бір қыздың күтіп алатынын айтқан. Жүргізуші басқа жолаушыларды түсіріп жатқанда сәлемдемені абайсызда құлатып алады. Ондағы электр шәйнегінен синтетикалық есірткі салынған екі орам анықталған.
Ер адам дереу полицияға хабарласқан. Ақырында сәлемдемені күтіп алған жас қыз ұсталады. Есірткіні өзі қолдануы үшін алғанын мойындаған бойжеткенге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен жауапқа тартылды. Жалпы Түркістан облысы полиция департаментінің «102» арнасына жыл басынан бері 65 441 хабарлама келіп түскен. Бейнебақылауға жауапты инспекторлар 49 736 әкімшілік құқық бұзушылық және 67 қылмыстық оқиға анықтаған.
JQ-Aqparat
Сурет: рolisia.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі