jasqazaq.kz

Құмар ойынға құныққандар тегін емделе алады

12 ақпан 2024, 13:16

Сурет: forexdengi.com

Туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Әділет Тұрғанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте құмар ойынға құныққан жандарды емдеу мәселесіне тоқталды.

«Денсаулық сақтау министрлігі емделу форматын өзгертпекші. Қазір құмар ойыннан мемлекет есебінен емделу үшін ресми тіркеліп, есепке тұру міндетті. Көбі содан қашады. Өйткені кейін жұмысқа тұру, әскерге бару қиындайды дегендей. Қазір «кеңес алуға тіркелу» деген тетік енгізілмек, яғни адам жеке басының деректерін тіркетпей-ақ, есепке тұрмай-ақ емнің толық көлемін тегін алады. Биыл осы нормативтік актіні қабылдап үлгерсе, келешекте психикалық денсаулық орталықтарында тегін, анонимді емделе алады. Ондай орталықтар бүкіл өңірде бар. Астана мен Алматыда республикалық орталық жұмыс істеп тұр», — деді Әділет Тұрғанбаев.

JQ-Aqparat

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі