jasqazaq.kz

Құлсарыда бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтірген күдікті ұсталды

28 наурыз 2025, 11:01

Атырау облысында Жылыой ауданының тұрғыны бұрынғы әйелін жұмыс орнында пышақтап, өлтіріп кетті. Күдікті қамауға алынды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын растады. Оқиға кеше, 27 наурызда түс қайта болған.

— Құлсары қаласындағы адам өлтіру дерегіне байланысты кешенді тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасаған 33 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Кейбір дерекке қарағанда, күдікті Шоқпартоғай ауылында тұрған. Оның бұрынғы әйелі аудандық емханада жұмыс істеген. Күдікті емханаға келіп, бұрынғы әйелін пышақтаған. Ер адам қашып кетуге оқталған.

Фото: Павлодар облысының соты

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі