jasqazaq.kz

Қылмыстық топ жастарды «тәрбиелемек» болған

11 сәуiр 2023, 9:32

Жамбыл облысында ұйымдасқан қылмыстық топ жастарды «тәрбиелеу» мақсатында өзара қор құрып әрекет еткен. Polisia.kz Тараз қаласында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Жамбыл облысы полиция департаменті мен ҰҚК қызметкерлері бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен ұзақ мерзімді әзірлеу мен жедел тергеудің нәтижесінде тұрақты түрде жұмысын белсенді өрістеткен қылмыстық топтың жолын кесті. Ведомствоның қырағы мамандарының көзіне бірнеше мәрте бопсалауға, қылмыстық текетірестерге, қала және облыс аумағында кәсіпкерлерден қарыздарды күштеп қайтаруға қатысы бар топтың оғаш әрекеті түседі. Топтың жетекшісі «қой терісін жамылып» өзін қоғам белсендісі ретінде көрсетіп, жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеуге үндейтін қозғалыстың атын малданып, «қайырымдылық қоғамдық қорын» құрған.
«Ол өзінің қылмыстық беледін «әділетілікті жақтаушы» – блогер имиджіне түбегейлі өзгертіп, әлеуметтік желілерде белсенді бола абстаған. Өз қорына ерікті жарналар түрінде қылмыстық «қамқорлығы» үшін кәсіпкерлерден ақша бопсалап отырған. Бұған келіспегендерге күш қолданған. Полицияға топтың 9 мүшесі жеткізілді, 20-дан астам тінту жүргізіліп, «қаңтар» оқиғасы кезінде облыстық Полиция департаментінен ұрланған «Калашников» автоматы, екі «Макаров» тапаншасы, мылтық, травматикалық тапанша мен басқа да суық қару тәркіленді.
Сонымен қатар қылмыстық топтан екі келіден астам есірткі алынды.
Қылмыстық топқа қатысушыларға қатысты бопсалау, қару мен есірткіні заңсыз сақтау бойынша 12 қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жалғасып» жатқанын жеткізді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура