jasqazaq.kz

«Қылмысты бұрмалап отыр». Талғарда төбелесте қаза болған баланың әкесі жанайқайын жеткізді

07 қазан 2024, 17:55

4 қазанда Талғарда болған төбелесте мерт болған 16 жастағы Шерзаттың әкесі Бас прокурорға үндеу жасады.

Әлеуметтік желіде жарияланған үндеуінде Шерзаттың әкесі:

«Мен Бас прокурор Берік Ноғайұлына тікелей үндеу айтқым келеді. Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесімін. Талғар әкімдігі, прокуратурасы мен ішкі істер департаментінің басшысы ешқандай әрекет жасамай отыр. Қылмысты бұрмалап отыр. Менің марқұм болған баламның аты-жөнін де білмейді. Қал-жағдайымызды сұрауға да шамалары жетпей тұр. Түнде бізді тергеуге шақырып, өзімізді қорқытып, арыз жаздыртып отыр. Сізден сұрайтыным: ашық сот болуын талап етемін. Өлетін балам өлді, мені де алсын, мені де қамасын, бірақ әділ шешім үшін ашық сот болсын», — деді ол.

Алматы облысының полиция департаменті күдіктілердің барлығы  уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

«Оқиғаның барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Қылмыстық істің тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында», — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

Сурет: Видеодан кадр
Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі