jasqazaq.kz

Қылмыскерлер жазасын алады!

12 қазан 2024, 16:53

Талғарда түн ортасында орын алған жантүршіктірер оқиға кім-кімді де бейжай қалдыра алмайды. Қанды қол қылмыскерлер қолынан қаза тапқан марқұм Шерзаттың ата-анасынан, туған- туыстарынан ең бірінші кешірім сұраймыз.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік хабарлауынша, түнгі сағат 01.08 де 3 өрт сөндіру техникасымен 10 өрт сөндіруші оқиға орнына жеткен, сағат 01.58 де шарпыған от тоқтатылғанмен, 56 шаршы метр үй толық жанып кеткен.

Қара жамылған отбасыға жасалған айуандық әрекет қоғамдағы жылдар бойы тамырланып кеткен көп мәселені жалаңаштап отыр…
Қалай болғанда да, эмоцияға берілмей, сабырлық сақтау керек.
Адам кейпіндегі айуандардың жазасын алатыны сөзсіз.

Жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
Зардап шеккен отбасы толыққанды құқық қорғау орындарының қорғауына алынды.
Алматы облысының әкімдігі баспанасын өрт шалған Ш. Болаттың отбасына тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектесетін болды.
Сонымен қатар, оларға жөндеу жұмыстары аяқталғанша уақытша баспана беріледі.

Қылмыскерлерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданып, қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бақылауына алынды.

Парламент депутаттары да бұл істі қатаң қадағалауға алып, қылмыскерлердің тиісті жазасын алуын назарды ұстайды.

Бибігүл Жексенбі,

Сенат депутаты

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі