jasqazaq.kz

Қылмыс жасағандар қай елге қашса да құтылмайды

06 қантар 2025, 14:26

Елімізде қылмыс жасағандар шетелге қашып, ұстатпай кетеміз деп ойлайды. Бірақ бәрібір қолына кісен салынып, елге қайтарылады.

Мәселен, өткен жылы Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы арқылы еліміздің құқық қорғау және уәкілетті органдарының бастамасымен халықаралық іздеуде жүрген 110-нан астам қылмыскер мен жоғалып кеткен азаматтар шетелде табылған. Polisia.kz мәліметінше, 2024 жылы Интерполдың байланыс арналарының географиясы кеңейтілді. Іздеуде жүргендер Ресей, Түркия, БАӘ, Қытай, Оңтүстік Корея, Польша, АҚШ, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Испания, Ұлыбритания, Чехия, Швеция, Украина, Германия, Колумбия, Израиль, Бельгия, Греция, Италия, Доминикан Республикасы, Литва, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде анықталып, құрықталды. Қылмыскерлер көбінесе алаяқтық, бөтен мүлікті талан-таражға салу және ысырап ету, есірткімен байланысты қылмыстар, сыбайлас жемқорлық, қарақшылық, экономикалық контрабанда, заңсыз ойын бизнесі мен салық төлеуден жалтару сияқты экономикалық қылмыстар және ұрлық үшін іздеуде болған.

JQ-Aqparat

Фото: aif.by

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі