jasqazaq.kz

ҚҰЛАҚТАНДЫРУ

25 желтоқсан 2023, 18:55

 

2023 жыл студенттік спорт үшін жемісті, əрі жеңісті жыл болды. Қаңтар айында АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен ХХХІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада, Қытайдың Ченду қаласында өткен Дүниежүзілік жазғы Универсиада еліміз үшін өте сəтті аяқталды. Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен Университеттік спорттың халықаралық фестивалі мен Түркістанда өткен II Түркі мемлекеттерінің универсиадасында да студент-спортшыларымыздың жеткен жетістіктері мен спорттық көрсеткіштері аз емес.
Сонымен қатар, студенттердің кешенді жарысы болып саналатын Республикалық жазғы Универсиада Ақтау қаласында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спорт түрлері бойынша
«Студенттік лига» жарыстары да талапқа сай өткізілді.
Студенттер спорты жылдан-жылға бұқаралық сипатқа ие болып, қарқынды дамып келеді.
Осы орайда, Қазақстанның Ұлттық студенттер спорт одағы биыл тұңғыш рет 27 желтоқсан күні сағат 15.00 де Қазақ спорт жəне туризм академиясының бас оқу ғимаратында студенттік спорт бойынша жылды қорытындылап, үздіктерді марапаттау үшін «Сұңқар-2023. Студенттік спорт Жұлдыздары» Республикалық байқауын өткізеді.
Жыл үздіктерін марапаттау кешіне Сізді арнайы шақыра отырып, ақпараттық қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.
Байқаудың бағдарламасы қоса ұсынылады. Қосымша 1 парақта.

Қазақстанның Ұлттық студенттер спорт одағы. Медиаорталық жетекшісі : Амангүл Хамидоллақызы
+7701 406 1707

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі