jasqazaq.kz

Қыдырәлі Болманов жұртқа жақпай қалды (Видео)

13 мамыр 2023, 13:56


Әлеуметтік желіде танымал әнші Қыдырәлінің Қарақаттың жанында тұрған ер адамды итеріп жіберген видеосы тарады.
Жұлдызды жұп өнер көрсетіп тұрғанда белгісіз ер азамат Қарақаттың жанына тұрып, құшақтамақ болады. Мұны байқаған Қыдырәлі ер адамды итеріп, “әрі тұр” дегендей ишара жасайды.
Ер адам әншілерді түсіріп жатқан камераға кедергі болды ма, әлде, жай ғана суретке түспек болды ма ол жағы белгісіз.
Бейнежазбаны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі әйелінің жанына бөтен еркекті жолатпаған Қыдырәліні жақтаса, енді бірі қарапайым халықтың кеудесінен итеріп, қорлады деп сынның астына алды.
«Дұрыс жасады, өлең айтып тұрған адамға кедергі жасауға болмайды”, “Ұялмай біреудің әйелінің қолынан ұстауға, белінен құшақтауға хақысы жоқ”, “Өте дұрыс, өз әйелін қорғау керек”, “Сенің әйелің кімге керек?”, “Арам ойы жоқ болар”, “Әнші деген сайын… суретке түскенде тұрған не бар?”, “Бұлар әулие болды ғой”, – деп жарыса жазды желідегілер.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі