jasqazaq.kz

Қыдырәлі Болманов: «Баламның кіндік шешесі — мен»

01 маусым 2023, 11:52

Танымал әнші Қыдырәлі Болманов өзінің әлеуметтік желісінде өзі баласының кіндігін кескені және қызық оқиғаларымен бөлісті.
«Дастарханда отырсақ, Нұрәлі бізге қарап: «Анашым бәрінің кіндік шешелері бар. Мереке сайын сыйлықтар әкеп береді. Менің кіндік шешем қайда?», — деп сұрап, бізді күлкіге қарқ қылды. Нөнай дүние келген кезде мен сыртта, есік алдында күтіп отырғанмын. Таңғы бес шамасында ұйықтап кетіппін. Жұлқылағаннан оянып кетіп қарасам, алдымда ақ халатты жан тұр. «Сүйінші, ұлды болдыңыз, енді кіндігін кесіңіз» деп. Ұйқылы еріп келемін перзентханада ешкім жоқ. Ұйқым ашылып «Мен кіндік кесемін бе?» дедім. Кіндікті қалай кесетінінен хабарым жоқ. Көз алдымда қызылшақа сәби. Ішегін көріп, не қашып кете алмаймын, не әкеліңіз» деуге жүрек дау алмайды. Қайшыны қолыма ұстап «Атам жаудан қайтпаған бисмилляхи» деп кестім. Кіндік қатты болады екен, әлде қайшы өтпеді ме? Әйтеуір қара терге түсіп, кесіп болдым-ау. Ұлыма «кіндік шешең — мен» деп айтайын десем, күлкіден бұралып қалдық. «Әкең — кіндік шешең» десе «әке қалай кіндік шеше?» деп көзі бақырайып, жан-жағына қарайды. Қарақат екеуіміз әбден күлдік», — деп жазды.
Қызымыз Аяланың туған күнінде сол кіндік балам қарындасына жүрекжарды тілегін айтып, «батасын» беріп тұр. Әкесінің жүрегі», — деді өнер иесі.

JQ-Aqpatat

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции