jasqazaq.kz

Құдайберген Бекіш: «Той әншісі» деп бөлетіндердің өзі тойдан шықпайды

19 сәуiр 2024, 15:01


Мәдениет қайраткері, әнші Құдайберген Бекіш өнер адамдарын тілдеп, түрлі жағымсыз пікір жазатындарға “Мархабат” бағдарламасында жауап берді.
“Қазір әлеуметтік желіде бірнәрсе қылт етсе, қазақ халқы бір-біріне жаман сөздер жазып, ұрсысып жатады. Жас бала болсын, 50-60 жастағы ересек болсын. Сондай-ақ, олар көбінесе өнер адамдарын қарғап-сілеп отырады. Мен мемлекеттен ақша алып, я болмаса мемлекет маған ән жазып, кеш ұйымдастыруға, киім сатып алуға ақша беріп жатқан жоқ. Біз өз нәпақамызды өзіміз тауып жүрген адамдармыз. Мысалы, тойға шақыратын адам ол өзі шақырады, шақырмаған жерде сен бармайсың ғой. Сені тойға шақырғанда ол адам сені қалап тұр деген сөз. Сондықтан тойға бармайтын әншілер болмайды. Кезінде Ақан сері, Майра, Біржан сал, ақынның көпшілігі тойға барған. Бұл – қазақтың менталитеті. Біз балаға да қуанамыз, үйге келін түссе де қуанамыз, сүндет той мен тұсаукесерге де қуанамыз. Біз қуанышты бөлісетін халықпыз. Әрі оны той арқылы жеткіземіз. Бүгінде «той әншісі» деген танымал үрдіс бар. «Той әншісі» деп бөлетіндердің өзі тойдан шықпайды. Әнді «тойский» деп бөлуге болмайды. Әншінің тек ән кешіне арналған әні бар, жеке ішкі дүниені жеткізетін әндері де бар», – деді ол.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі